Басты бет / Экономика және бизнес жоғары мектебі / Менеджмент / Боранбай Асел Асылбекқызы
Боранбай Асел Асылбекқызы, 1996 жылғы 23 наурызда Алматы қаласында дүниеге келдім.
Білім жолым 2003 жылы Алматы қаласындағы №141 орта мектептен басталды. 2008 жылы №175
гимназияда оқуымды жалғастырып, 2012 жылы аталған білім ордасын үздік аяқтадым. Сол жылы
Алматы қаласындағы Нархоз университетіне мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп, 2016 жылы
оқуымды үздік дипломмен тәмамдадым.
Білімімді одан әрі жалғастыру мақсатында 2016 жылы Мәскеу қаласындағы Ресей Мемлекеттік
басқару университетінің (ГУУ) магистратурасына грант негізінде қабылдандым. Бір жыл білім
алғаннан кейін, отбасылық жағдайларға байланысты оқуымды Қазақстан Республикасында жалғастыру
туралы шешім қабылдап, 2017 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
магистратурасына мемлекеттік грантпен қабылдандым. 2019 жылы аталған жоғары оқу орнын үздік
аяқтадым.
Еңбек жолымды 2016 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік басқару университетінің «Менеджмент»
кафедрасында лаборант қызметінен бастадым. 2017–2018 жылдары Астана қаласындағы «Бизнес
Петролиум» ЖШС-де бас маман қызметін атқардым. 2018–2019 жылдары осы мекемеде абоненттік
бөлімнің бухгалтері болып жұмыс істедім.
2022–2023 жылдары Еуразиялық технологиялық университетінде «Экономика, бизнес және басқару»
факультетінде оқытушы, сондай-ақ қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы қызметтерін
атқардым. 2023–2025 жылдары Еуразиялық агротехникалық колледжінде тәрбие ісі жөніндегі
директордың орынбасары қызметін атқардым.
2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқытушы қызметіне қабылдандым.
Қазіргі таңда білім беру саласындағы кәсіби біліктілігімді жетілдіріп, білікті мамандарды
даярлау мен жоғары білім беру жүйесін дамытуға өз үлесімді қосып келемін.
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| Т.Рысқұлов атынд.ҚазЭУ | Жоғары | 2016 |